ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
"Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы негізінде "Үржар колледжі" КММ кітапханасында тарих пәнінің оқытушысы Қаратай Гулназ Шакеровнаның және кітапханашы Кашимбаева Анаргуль Нуркасымовнаның ұйымдастыруымен колледж студенттерімен "Отан тарихы әдебиеттерде" атты оқырман конференциясы өтті. Өтілген шараға байланысты тақырыптық сөре дайындалды.Тарих пәнінің оқытушысы Қаратай Г.Ш. кітап сөресіне қойылған Қазақстанның тарихы туралы кітаптарға сипаттама беріп өтті. Студенттер де түрлі сұрақтар қою арқылы өз қызығушылықтарын білдірді.