ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасының негізінде «Үржар колледжі»КММ кітапханасында  кітапханашының ұйымдастыруымен колледж студеннтері арасында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» тақырыбында әдеби аукцион өтті.   Аукционға «Абай қара сөздері» кітабы қойылды. Оқырман студенттер  ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев өлеңдері мен  қарасөздерін жаттқа айтты.. Аукцион екі кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде қатысушы ақынның бірнеше өлеңдерін жатқа айтса, екінші кезеңде қара сөздерін жатқа айтып жарысты. Әр топтардан  студентер қатысты. Аукцион шарты бойынша кім ақынның өлеңдері мен қара сөздерін көп біледі және мәнерлеп жатқа айтады сол жеңімпаз болады. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша екінші курс студенті Оңал Есімхан жеңімпаз атанды.  Сондайақ екінші курс студенті Ораз Данагүл де өзінің  білімді оқырман екенін көрсете білді. Аукционға қойылған«Абай қара сөздері» кітабы жеңімпазға сыйға тартылды.