ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі» КММ кітапханашысы Анаргуль Нуркасымовна Кашимбаеваның ұйымдастыруымен 28 сәуір күні «Кітапқа өмір сыйлайық, кітапханаға кітап жинайық» атты акцияның ашылу салтанаты болды. Акцияның мақсаты- кітапхананың кітап қорын кейінгі шыққан әдебиеттермен толықтыру,оқырман мен кітапхана арасындағы байланысты нығайту. Ұйымдастырылған акцияға колледж ұжымы мен студенттер қатысты. Ашылу салтанатында кітапхана мүшелерінің дайындап келген кітап туралы өлеңдері оқылды. Колледж директоры Чарахметов Қанағат Маратұлы құттықтау сөз сөйлеп, әр саладағы әдеби және тарихи кітаптарды сыйға тартты. Филология ғылымдарының кандидаты, әдіскер Жанар Кажимовна студенттерді әдеби кітаптар оқуға шақырып, халық ақыны Төлеу Көбдіковке арналған авторлық кітабін сыйлады. Сол сияқты ДОТЖЖ орынбасары Жупар Ануарбековна, жатақхана меңгерушісі Гүлсім Канагатовна, оқытушы Мадина Ивановна, кіші қызметкер Айқыз Мукашевна сияқты оқырмандарымыз да әкелген кітаптары туралы қысқаша таныстыра кеттіп, акцияға өз үлестерін қосты. Кітапхана қоры бір күнде 49 әдеби кітаптармен толықты. Бұл акция бір күнмен шектелмейді, оқу жылының соңына дейін жалғаса береді.