ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

 

«Үржар колледжі «КММ кітапханасында 2019-2020 оқу жылынан бері «Адалдық кітапханасы» жұмыс істеп келеді. «Адалдық кітапханасы» студентерді парасатттылық, адалдық, ашықтық принципіне негізделген. Кітапхананың басты ерекшелігі , кітапханашысы қызмет көрсетуінің жоқтығында. Ал кітапханаға келуші оқырмандар тек қана тіркеу журналын пайдаланады. Жаңа жоба аясында оқырман кітапханашының көмегінсіз тіркеліп, белгілі бір мерзімге дейін кітапты алуына болады. Бұл кітапхананы ашудағы мақсат- қоғамда сенім білдіру атмосферасын қалыптастыру болған. Бүгінгі күнде кітапхана оқырмандары «Адалдық кітапханасы» арқылы жұмыс істеуге біршама дағдыланып келеді.