ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі»КММ кітапханашысы Анаргуль Нуркасымовна мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі оқытушысы Айдар Казбекұлының ұйымдастыруымен «Жат ағымнан сақтан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары, экстремизм, терроризм туралы айтылды. Жат діни ағымдар адам санасын улайтыны және оның шырмауына түспеу жолдары түсіндірілді. Жастарды қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға шақырды. Шараға колледждегі әр топтардан студенттер мен оқытушылар қатысты.
Шара соңында кітап көрмесі ұйымдастырылды.