ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында колледж ,  №98топ кураторы Нургуль Кулмухаметовна мен  кітапханашының  ұйымдастыруымен  «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде»Кітапхана квесті өтті.

Мақсаты: Квест ойынын ойната отырып білім  алушылардың  жан дүниесін байыту, бірге ойнау, танымдық ой-өрісін дамыту және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту болды. Өтілген бұл шараға бірінші курс студенттері қатысты.  Екі топқа бөлінген студентердің топ басшыларының қолына маршуттық парақтар берілді. «Қазақстанның салт-дәстүрлері кітап дерек көздерінде»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аялдамалар әр пән кабинеттеріне орналастырылып, алдын ала дайындалған сұрақтар салынған конверттер қойылды.Ойын соңында  әділқазылар алқасы жеңмпаз топты анықтап, марапаттады. Кітапханашы көрмеге қойылған кітаптарды оқуға шақырды.

#Біртұтас_тәрбие @abai_bilim

_basqarmasy@abai_imc @altynsarin

_ academiasy @rumcdo_official

#оқуғақұштарколледж

#читающийколледж