ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасының негізінде «Үржар колледжі» КММ кітапханасында кітапханашының ұйымдастыруымен «Ақындар жырлаған туған өлке» әдеби қонақ үйі өткізілді. Сонымен қоса Сейтжановтар әулетінен шыққанжас ақын 11сынып оқушысы Жанеркемен кездесу болды. Жанерке өзі шығарған өлеңдерін оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Іс-шара ары қарай студенттерді туған өлке ақындарының шығармаларымен танысуымен жалғасты. Кітапханашы студенттерге ақындардың керемет өлеңдерінде, туған өлкесінің сұлулығын ғана емес, осы жерде тұратын адамдарды да дәріптеген жергілікті ақындар мен жазушылардың шығармашылығы туралы айтып берді. Кітап көрмесіне туған өлке тарихы бойынша Таскескен ауылынынан шыққан филология ғылымының докторы, профессор Зуфар Сейтжан мен жазушылар одағының мүшесі Сейтжан Гүлжаухар кітаптары қойылды.

#оқуғақұштарколледж

#читающийколледж