ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Оқуға құштар колледж» бағдарламасы аясында колледж кітапханашысының ұйымдастыруымен «Кітапты бірге оқимыз» библио- кросс өтті. Колледж студентері назарына кітапхана қорындағы Дала фольклорының антологиясының «Дастандары», «Батырлар жыры», «Ғашықтар жыры» кітаптары оқуға ұсынылды.Осы кітаптарды оқыған студенттер Дәуіт Қуаныш, Гаппасова Аружан, Ташкенбаев Ернұр, Биязбаев Мейрамбек кітап мазмұнын баяндай келіп, басқа оқырмандарды да бірге оқуға шақырды. Библио кросс бірінші курс студенттерінің арасында өткізілді. Студентердің назарына осы кітаптардан кітап көрмесі ұсынылды.

#оқуғақұштарколледж

#читающийколледж