ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні азаматтардың қауіпсіздігі мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару, төтенше жағдайларды болдырмау және орын ала қалған жағдайда қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін дағдылау мақсатында “Үржар колледжі” КММ- нің алғашқы әскери және технологиялық дайындық жетекшісі Р.Тукеновтың ұйымдастыруымен «Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс» күні жоспарға сай өтті.
Арнайы жасақталған аудандық ТЖМ қызметкерлері және Таскескен ДА-ның медицина қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген іс-шараға, колледж студенттері мен оқытушылары толық жұмылдырылды.
Жүргізілген сабақ барысында қорғалатын объект өртке оранып, күзеттегі екі жауынгер жараланды. Жедел құтқару отрядының қызметі барысында жапа шеккен екі қызметкер құтқарылды. Жедел жәрдем қызметкерлері өрт шарпыған азаматтардың жай-күйін бақылап, күйік дәрежесін анықтап, жарақаттанушыларға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жыл сайын атап өтілетін бұл шараға студенттер белсенділік танытты. Іс-шараның соңы әр сала мамандарының танымдық сабақ өткізуімен аяқталды.
Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде қатысушылар теориялық білім мен өзін-өзі қорғаудың практикалық дағдыларын алды, әртүрлі қауіпті жағдайлар туындаған кезде өзін қалай және басқаларды қалай құтқаруды үйренді.