ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекеме Үржар ауданы, Таскескен ауылында орналасқан. Бұл оқу орны 1960 жылы 19 қыркүйек айында №127 Аякөз ауылшаруашылық-механикалық училищесі болып құрылған. 1965 жылы 1 қазан айында №127 кәсіптік-техникалық училище болып өзгертілді. 1984 жылы 13 тамызда №20 орта кәсіптік-техникалық училищесі деп атауы өзгерді. 1996 жылы 27 мамырда білім саласындағы реформаларға байланысты №20 кәсіптік-техникалық мектеп болып өзгерді. 2003 жылы 22 мамырда №20 кәсіптік мектеп болып өзгеріп, 2009 жылы  12 қаңтар айынан бастап,  №18 кәсіптік лицей болып өзгерсе, 2012 жылдың 14 маусымынан бастап,  «Үржар колледжі» КММ болып жұмыс жасауда.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Таскескен ауылы «Үржар колледжі» коммуналдық-мемлекеттік мекемесінде 0504000 «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша 2021 жылы ақпанның 15-і мен 20-ы аралығында әдістемелік жұмыс жоспары бойынша "Мамандығым -келешегім" атты апталық өтті.

Мақсаты: мамандық бойынша студенттердің теориялық білімдерін жетілдіру, меңгерген білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, кәсіби біліктілігі мен дағдыларын қалыптастырып, болашақ кәсіби маманға бағыт-бағдар беру. Болашақта ауылшаруашылық саласына еңбек ететін, бәсекеге қабілетті, білімді, білікті , іскер азаматтарды тәрбиелеу. Апталықтың жоспары бойынша арнайы пән оқытушысы Ғ.Қ. Жумадилов «Жаңадан шыққан ауылшаруашылығы машиналарымен таныстыру» тақырыбында заманауи ауылшаруашылық техникалары, олардың техникалық мінездемесі туралы видеофильм көрсетті. Оқу- өндіріс шебері Телемисов Р.Р «Доңғалақты тракторды жүргізудің тәсілдерін үйренген деңгейін тексеру» тақырыбында өндірістік ашық сабақ , «Астық комбайндары » пәнінен «Бастырғыш аппараттар» тақырыбында Ғ.Қ Жумадилов теориялық ашық сабақ өткізді. Апталыққа белсене қатысқан ІІ және ІІІ курс студенттерінің осы бір сұранысқа ие мамандықтың қыр –сырын білуге деген құштарлықтары байқалды. Апталық мақсатына жетті деген ойдамыз.