ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Наурыз - түркі тілдес елдерінің мейрамы. Осы елдердің салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, музыкалық дәстүрлері, діни-наным сенімдері бір -біріне өте жақын болып келеді. Сондықтан биылғы жылы "Ұлыстың ұлы күні - Наурыз" атты колледжішілік наурыз мейрамы түрлі-түсті кеш ретінде өтті.
Мейрам барысында студенттеріміз қырғыз, өзбек, түркімен, тәжік, түрік т.б. халықтарының ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын дайындап өз өнерлерін көрсетті. Кештің соңында спорттық ойындар ұйымдастырылып, жүлдегер студенттер марапаттарға ие болды.