Құрметті Үржар ауданы тұрғындары және "Үржар колледжі" КММ ұжымы!
Сіздерді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы -16 желтоқсан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!