Абай облысы білім басқармасының «Үржар колледжі» КММ-де 2026 жылы 28 қазан күні директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.Баймухаметованың «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламаның жылдық жоспарына сәйкес директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары, экономика пәнінің оқытушысы А.Баймухаметованың басшылығымен «Үржар колледжі» КММ 08410100 «Ветеринария» мамандығының №21 топ арнайы пән оқытушысы А.Телгозин мен топ студенттері «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Адал азамат: мамандыққа құрмет, еңбекке жауапкершілік» өндірістік саяхатқа қатысты.
«Адал азамат: мамандыққа құрмет, еңбекке жауапкершілік» тақырыбындағы іс-шарада білім алушылары «Республикалық ветеринарлық зертхана» ШЖҚ РМК Абай облыстық филиалының Үржар аудандық ветеринарлық зертхананың мамандардың күнделікті жұмысымен, еңбек қауіпсіздігі талаптарымен және жұмыс сапасына қойылатын жауапкершілікпен танысты. Студенттер мамандарға сұрақ қойып, өз мамандығы туралы түсініктерін кеңейтті. Еңбек адамына құрмет көрсету – оның ісін танып, жауапкершілігін бағалаудан басталады.













