ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылғы 23 қазанда Республика күніне орай «Үржар колледжі» КММ-нің «Мейірім» еріктілер клубының жетекшісі, топ кураторы А. Ақшайхтың жетекшілігімен «Жақсылық жаса» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның негізгі мақсаты – қарт адамдарға көмек көрсету, оларға қамқорлық таныту және жастардың бойында ізгілік пен жанашырлық қасиеттерін дамыту. Іс-шара барысында студенттер үлкен буын өкілдеріне құрмет көрсетудің маңыздылығын түсініп, қарт адамдарға көмек қолын созудың адамгершілік міндет екенін ұғынды. Қайырымдылық акциясы арқылы жастарды үлкенді сыйлауға, ізеттілікке, мейірімділікке және қоғамға пайдалы іс жасауға шақырды.