Абай облысы білім басқармасының «Үржар колледжі» КММ-де «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!», «Таза Қазақстан» акциясы аясында 2026 жылы 15 қазан күні директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ж.Баймухаметованың «Адал азамат» бір тұтас тәрбие» бағдарламаның жылдық тәрбие жоспарына сәйкес директордың оқу-өндіріс жұмыстары жөніндегі орынбасары, экономика пәнінің оқытушысы А.Баймухаметованың басшылығымен І, ІІ және ІІІ курс білім алушылары, топ кураторлары мен оқу-өндіріс шеберлерімен бірге колледж ауласын тазалау жұмыстары жүргізілді.
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасына қатысқан студенттер аумақты қоқыстан тазартып, ортақ кеңістікті күтіп ұстауға өз үлестерін қосты. Бірлескен еңбек жастардың табиғатқа жанашырлық пен қоршаған ортаға жауапкершілік танытуының нақты көрінісі болды. Таза орта өзімізден басталады!













