ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Үржар колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірінші курс студенттеріне арналған «Бүгін – студент, ертең – маман» тақырыбында танысу кеші өтті.
Кештің мақсаты – студенттердің жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету, өзара таныстығын нығайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттыру. «Шабыт» жобасымен үндескен басқосу жастардың өнерге құштарлығын қолдап, колледж өміріне белсенді араласуына жол ашты.
Іс-шарада «Адал азамат» бағдарламасының бірлік пен ынтымақ, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік құндылықтары дәріптелді. Бүгінгі студенттің ертеңгі білікті маман болып қалыптасуы білімге ұмтылудан, адал еңбектен және жауапкершіліктен басталатыны айқындалды.Іс –шараны ұйымдастырған топ кураторы А.Ақшайх және студенттер ұйымы.