ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Мұғалімдер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ұстазға мың алғыс» іс-шаралар онкүндігі аясында «Ұстаз салған даңғыл жол: Түлектер үні» атты түлектердің бейнеқұттықтаулары ұсынылды.
Колледж түлектері бейнеқұттықтауларында өздеріне білім мен тәрбие беріп, мамандықтың қыр-сырын үйреткен ұстаздарына шынайы алғыстарын білдірді. Өмір жолына бағыт-бағдар берген тәлімгерлеріне жылы лебіздерін арнап, мерекелік ақ тілектерін жеткізді.
Түлектердің жүрекжарды сөздері ұстаз еңбегінің шәкірт жадында сақталатынын, берген білімі мен өнегесінің өмір бойы жол көрсететінін айқын сезіндірді.