ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Мұғалімдер күні мерекесіне орай «Ұстазға мың алғыс» іс-шаралар онкүндігі аясында 2026 жылғы 29 қыркүйекте «Ұстазға арнау» атты шығармашылық жарыс өтті.
Жарыс барысында студенттер өздері дайындап келген арнау өлеңдерін әр мұғалімге жеке оқып беріп, ұстаздарына деген құрметі мен шынайы алғысын жеткізді. Өлең жолдары арқылы ұстаздардың білім берудегі, мамандыққа баулудағы және шәкірттеріне қолдау көрсетудегі еңбегін дәріптеді.
Әр ұстазға арналған жылы сөздер мен жүрекжарды тілектер мерекелік көңіл күй сыйлады. Бұл шара студенттердің шығармашылық қабілеттерін танытып, ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықты нығайта түсті.