Үржар колледжінде 5 қазан — «Мұғалім күніне» орай «Ұстаздарға мың алғыс» іс-шаралар жоспары аясында «Ұстазға алғыс» акциясы өткізілді.
Шәкірт бойына білім нәрін сеуіп, жүрегіне ізгілік ұялатқан ұстазға деген құрмет — қашанда биік. Аталған акция ұстаздардың қажырлы еңбегіне ризашылық білдіріп, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесін ұлықтауға арналды.Ұстаз — білімге жол ашып, болашақ маманның өзіне деген сенімін нығайтатын жан. Оның әрбір ақылы мен қолдауы шәкірттің өмір жолында өшпес із қалдырады.













