«Үржар колледжі»КММде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында колледжде жеңіл атлетикадан «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ» атты колледжішілік жарыс өтті.Жарыс студенттерге және ұжым мүшелеріне спорттың қуанышын сезініп, өз күшін сынауға мүмкіндік берді. Мұндай шаралар жастарды белсенді өмір салтына баулып, денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға үндейді. Өйткені дені сау, жігерлі жас – жарқын болашақтың негізі!













