«Үржар колледжі»КММде Отбасы күніне орай студенттер ұйымының ұйымдастыруымен «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» тақырыбында сұрақ-жауап айдары өтті.Іс-шара барысында отбасы құндылықтары, ата-анаға құрмет, бауырмалдық пен сыйластық туралы ой бөлісті. Қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, әр шаңырақтың жылуы өзара түсіністік пен қамқорлықтан басталатынын атап өтті.Отбасы – адам бойындағы ізгі қасиеттердің алғашқы бастауы. Осындай тағылымды кездесулер жастарға жақындарының қадірін тереңірек ұғынып, отбасылық құндылықтарды қастерлеудің маңызын сезінуге мүмкіндік береді.













