Үржар колледжінде «Өмірге салауатты қадам» алдын алу шаралары аясында «Нашақорлық маған жат» тақырыбында студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға колледж мейірбикесі қатысып, білім алушыларға нашақорлықтың адам денсаулығына, психикасына және қоғамға тигізетін зияны туралы жан-жақты ақпарат берді.Кездесу барысында салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы түсіндіріліп, зиянды әдеттерден аулақ болудың жолдары талқыланды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, маманнан пайдалы кеңестер алды.
Шараның басты мақсаты – жастардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға деген көзқарасын нығайту және есірткіге қарсы тұрақты ұстаным қалыптастыру болды.














