ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін шыңдау, еркін өзін-өзі білдіру мәдениетін қалыптастыру және қазақ тілінде сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында Абай облысы Цифрлық Ассамблеясының бастамасымен «1 минут – 1 талант» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында өзге ұлт өкілдері арасында қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаев өлеңдерін мәнерлеп оқудан челлендж ұйымдастырылды.