Ағымдағы жылдың 14 қазанында «Үржар колледжі» КММ-де №10 топ жетекшісі Ақылбек Н.Е. және оқу-өндіріс шебері Бекжанов А.Г. «АЛАЯҚТАРДЫҢ АМАЛЫНА ҚАЛАЙ ТҮСПЕУГЕ ЖӘНЕ ӨЗДЕРІҢІЗДІ ТАБЫСТЫҢ КҮМӘНДІ ТҮРЛЕРІНЕН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?» тақырыбында қауіпсіздік сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: адамның жеке шекарасы туралы түсініктерді тереңдету, жеке шекараларды қорғау қағидаларымен таныстыру.
Міндеттері:
жеке шекараны бұзудың ең көп таралған түрлеріне тоқталу;
адамның жеке шекараларын қалыптастыру кезінде ұстануы керек үш негізгі қағиданы анықтау.