Ұлы даланың ерекше жеті қырын тілге тиек ете отырып, Президент Қазақстанның тарихына терең ой салуды үндейді және оны ел-жұрттың рухани игілігіне практикалық тұрғыда айналдыру мақсатында ірі, маңызды жобаларды ұсынып отыр.
Ұлы Даланың көп ғасырлық рухани және материалдық мұраларын заманауи технологиялар мен жаңа қалыптасып жатқан цифрлық өркениеттің сұранымына сай қайта жаңғырта білу, оны ел жұрттың пайдасына жарата түсу – еліміздің рухани және технологиялық тұрғыдан дамуына жаңа екпін қосатыны сөзсіз.Осыған орай колледжімізде Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласын студенттермен колледж ұжымына колледж директоры Чарахметов Канагат Маратовичтың модераторлығымен кең көлемді талқылау өтті.