Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Адам табиғатты қасиет тұтуы керек. Біздің әрбір басқан қадамымыз, әрбір істеген ісіміз табиғатқа байланысты болғандықтан, оның біздің өмірімізде ерекше орын алуы сөзсіз. Бірақ, адамзаттың кейбір істері табиғатқа кері әсер етуде. Оның кері әсері біздің денсаулығымызға да зиян келтіреді.
Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қарақол өзені мол су әкеп бірнеше ауылды қоректендіріп отырғанымен жағалаулары қазіргі кезде қатты ластанып кеткен. «Үржар колледжінде»тәрбие жоспарының жаңа қазақстандық патриотизм және экологиялық тәрбие бағыттары негізінде «Табиғатты аялайық!» атты тазалық акциясы өтті. Акцияға колледж ұжымы, студенттермен бірге «Тарбағатай»МҰТП» РММ қызметкерлері қатысты. Акцияға қатысушылар Қарақол өзенінің жағалауларын қоқыстардан тазалап, тоғандардың арнасын ашты.
Табиғатты қорғау - табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен - кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім.