«Ертең, яғни 16 наурызда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі» - деп бұл жайында оның баспасөз-хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Үржар колледжі» КММ – нің ұжым мүшелері түгелдей тікелей эфирден президент жолдауын тыңдады. «Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік. » -деп бастады өз сөзін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының жариялаған шешімдері қандай мұқияттылықпен қабылданса, алға қойған міндеттерді де солай жүзеге асыру маңызды. Бүгінгі Жолдау тарих бетінде айтулы күн болып жазылады.
Отандастар Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарының құрылуымен құттықтаймыз.
Қастерлі Отанымыздың тұғыры мығым, абыройы биік болсын!