"Үржар Колледжі" КММ-нің ұжымы жаңа оқу жылына дайындықты күшейтуде. Кәсіби біліктілігі жоғары маман даярлауды алдыңғы орынға қойған орта оқу орны жатақханасын күрделі жөндеуден өткізіп, студентке жаңаша жағдай жасап отыр. Колледждің бас оқу және зертхана корпустары білім алушылар үшін арнайы, жаңартылған заманауи оқу кабинеттерімен, заман талабына сай техникалармен жабдықталған. Олардың барлығы жаңа оқу жылына есігін айқара ашу үшін дайын тұр.
Жаңа оқу жылы барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып міндетті сақтық шараларын қатаң бақылау арқылы жүзеге асырылады, осы орайда колледж ұжымы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында 100% екпе қабылдады. Білім ордасы бәсекеге қабілетті, білікті маман даярлау үшін жаңа оқу жылын бастауға дайын.