ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
«Үржар колледжі» КММ 20.12.2020ж күннен бастап қысқы алғашқы емтихандары мен сынақтарын бастап кетті.
Осы уақытқа дейін колледжде бірнеше онлайн-кездесулер өткізіп, ағымдағы емтихан мен сынақ кезеңінде, емтихандарды өткізудің нысандары мен ерекшеліктері туралы хабардар етілді.
Барлық емтихандар мен сынақтар қашықтықтан CANVAS платформасынада өткізіледі. Студенттердің осы уақытқа дейінгі білімдерін тұжырымдап, І-ші жарты жылдықты ойдағыдай аяқтауларыңа тілектеспін. Қашықтықтан үздіксіз білім беріп жатқан оқытушылардың еңбектері ақталады деген үміттемін. «Еліміздің ертеңі - білімді ұрпақ»- десек, осы жолда аянбай қызмет етіп жатқан ұстаздарға төзімділік пен сабырлық тілеймін!
ІІ- ші жарты жылдықты студенттеріміз жаңаша оймен, жаңашыл идеялармен, жаңа күшпен бастайды деген ойдамын!
Құрметті студент қысқы сессиядан сүрінбей өтулеріңе тілектеспін!
Ізгі тілекпен: «Үржар колледжі» КММ директоры Чарахметов Қанағат Маратұлы.