"Баталы ұлға бақ қонар"- дегендей, "Үржар колледжі" КММ студенттері ауылымыздың жалғыз басты аналары мен қарт апаларымызды тағы да бір тығырықтан шығарды, аулаларын қардан тазартып, отындарын жарып үлкендердің батасына бөленген жайы бар. Осы кісілердің рахметі мен ақ батасы өскелең ұрпақты ізеттілікке, ұлтжанды, жанашыр жастар тәрбиелеуге септігін тигізеді деген ойдамыз.