Барлық континентте, әсіресе Қытайда тарап жатқан вирусты уханьдық немесе жаңа коронавирус (2019-nCoV) деп атайды. Ол алғаш Хубей провинциясындағы Ухань қаласында тіркелді және коронавирустың жаңа түрі екені анықталды.
Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған. Бірақ ауру жұқтырған адамдардың көпшілігі жануарлармен байланыс болмағанын айтады. Яғни, тұмаудың жұғу жолы тәрізді ауа арқылы адамнан адамға берілуі мүмкін. Белгілері: Қалтырау Жөтел Ентікпе Соңғы мәлімет бойынша, инкубациялық кезең 2 күннен 14 күнге дейін созылуы мүмкін. Қоңыршәулі ауылдық округі "Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК Таскескен дәрігерлік амбулаториясының дәрігері А.Б. Жақсылықова "Үржар колледжі" КММ студенттері мен оқытушыларына Коронавирус жайлы дәріс өткізіп, студенттер мен оқытушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берді.