ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Абай облысы ББ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ білім беру процесін әдістемелік сүймелдеу бөлімінің жоспарына сәйкес «Үржар колледжі» КММ базасында 2024 жылғы 13 маусымда «Тракторлық биатлон – 2024» облыстық кәсіби шеберлік байқауының ашылуы өтті. Аталған байқауға Абай облысының Ауыл шаруашылығы колледждерін ұсынатын 6 команда қатысты: «Абай колледжі» КММ, «Ақсуат колледжі» КММ, «Бесқарағай колледжі» КММ, «Бородулиха колледжі» КММ, «Жарма технологиялық колледжі» КММ және «Үржар колледжі» КММ. Байқау екі кезеңде өткізіледі: теориялық және практикалық. Практикалық бөлім бес модуль бойнша А модулі. Шалғының жүзін ауыстыру. В модулі. Шөп шабатын машинамен шөп шабу. С модулі. Шөпті жинау машинасымен шөпті тырмалау. D модулі. Шөп престейтін машинамен шөпті престеу. E модулі. Престелген шөпті тиейтін трактормен (стогомет) тіркемелерге тиеу өтеді. Байқау қатысушыларына сәттілік пен жеңіс тілейміз!

"