ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Жарма технологиялық колледжі» КММ базасында 2024 жылғы 15-16 мамырда «AgroSkills Abai – 2024» өңірлік кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Бұл іс-шара ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі мамандығын насихаттауға, кәсіби шеберлігін көрсетуге және оны одан әрі жетілдіруге, студенттердің дайындық деңгейін бағалауға, өз ісінде неғұрлым Құзыретті конкурсқа қатысушыларды анықтауға және көтермелеуге бағытталған.

Аталған байқауға Абай облысының Ауыл шаруашылығы колледждерін ұсынатын 6 команда қатысты: «Абай колледжі» КММ, «Ақсуат колледжі» КММ, «Бесқарағай колледжі» КММ, «Бородулиха колледжі» КММ, «Жарма технологиялық колледжі» КММ және «Үржар колледжі» КММ төрт құзырет бойынша: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь», «Фермер шаруашылығы», «Ауыл шаруашылығы машиналарын пайдалану».

Байқаудың өңірлік кезеңінің қорытындысы бойынша «Үржар колледжі» КММ келесі орындарға ие болды:

- «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреті бойынша ІІ орын -Қырықбаев Серікқазы, өндірістік оқыту шебері Е. Андирханов.

- «Ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеу жөніндегі слесарь» құзыреті бойынша ІІІ орын - Далабай Нұрбол, өндірістік оқыту шебері Қ. Самбаев.