ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

«Өндірістегі он күн» акциясының аясындағы
10- күн «Өндіріс → Білім» қорытынды форумы


2026 жылы 25 қыркүйек күні   «Үржар колледжі» КММ-де он күнге созылған акцияның қорытынды кезеңі — «Өндіріс → Білім» қорытынды форумы өткізілді.
Форум барысында акция аясында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері қорытындыланып, кәсіпорын өкілдері, оқытушылар мен студенттердің ұсыныстары талқыланды.
Форумда:
зерттеу нәтижелері;
жұмыс берушілердің ұсыныстары;
кәсіби дағдылардың GAP-картасы;
өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар;
студенттердің ұсыныстары;
оқытушылардың ұсыныстары;
білім беру бағдарламаларын жаңарту жобалары таныстырылды.
Талқылау барысында колледж бен кәсіпорындар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, білім беру мазмұнын өндірістің қазіргі талаптарына сәйкестендіру, практикалық даярлықты жетілдіру және жаңа технологияларды оқу процесіне енгізу мәселелеріне назар аударылды.
Форумның қорытынды құжаты — «Кәсіпорын – Атамекен – колледж» үшжақты іс-қимыл жоспары әзірленді.