«Өндірістегі он күн» акциясының аясындағы
9-күн «Білім беру бағдарламасын жаңарту зертханасы»
2026 жылы 24 қыркүйек күні «Үржар колледжі» КММ-де «Ерасыл» ШҚ», «Ильяс» ШҚ, «Карибаева А.» ЖК және Абай облысы ветеринария басқармасының «Облыстық ветеринариялық қызмет» ШЖҚ-дағы МКК Үржар аудандық бөлімі әлеуметтік серіктестермен «Білім беру бағдарламасын жаңарту зертханасы» тоғызыншы күн акцияның маңызды аналитикалық кезеңіне арналды.
Осы күні алдыңғы күндері кәсіпорындардан, жұмыс берушілерден, студенттерден және оқытушылардан жиналған ақпарат жүйеленіп, білім беру бағдарламасының мазмұны қазіргі өндіріс талаптарымен салыстырылды.
Әр кәсіби модуль бойынша төрт негізгі бағыт анықталды:
ҚАЛДЫРУ – қазіргі өндіріс талаптарына толық сәйкес келетін және өзектілігін сақтаған мазмұн;
ӨЗГЕРТУ – өндірістің жаңа талаптарына сәйкес жаңартуды қажет ететін тақырыптар мен дағдылар;
ҚОСУ – жаңа технологиялар, заманауи жабдықтар және қазіргі еңбек нарығына қажетті кәсіби құзыреттер;
АЛЫП ТАСТАУ – өндірісте қолданылмайтын немесе өзектілігін жоғалтқан мазмұн.
Нәтижесінде «Білім беру бағдарламасын жаңарту бойынша талдау картасы» қалыптастырылды.













