ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

2026 жылы 23 қыркүйек күні   «Үржар колледжі» КММ-де  «Карибаева А.» ЖК  әлеуметтік серіктеспен сегізінші күн «Оқытушының өндірістегі 1 күні» іс-шара оқытушылардың кәсіби білімін қазіргі өндіріс талаптарымен сәйкестендіруге арналды.
Оқытушылар кәсіпорынға барып, нақты өндірістік ортамен танысып, маманның жұмыс барысын бақылап, өндірістік процестерді зерделеді: жұмыс орнын бақылау; өндірістік операцияларды зерттеу; технологиялық процестермен танысу; заманауи жабдықтардың жұмысын зерделеу; кәсіпорын маманымен бірлесіп жұмыс істеу; өндірістік және техникалық құжаттамамен танысу.
Өндірістегі бір күн барысында оқытушылар қазіргі кәсіпорындарда қолданылатын технологиялар, жабдықтар мен жұмыс әдістері туралы практикалық ақпарат алды.
Алынған тәжірибе оқу процесінде теориялық білімді заманауи өндірістің нақты талаптарымен байланыстыруға мүмкіндік береді.
 Нәтижесінде оқытушылардың тағылымдамасы мен біліктілігін арттыру тақырыптарының картасы әзірленді.