ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
2026 жылы 21 қыркүйек күні «Үржар колледжі» КММ-де «Ерасыл» ШҚ», «Бакыт” ШҚ мен “Жанайдар” ШҚ әлеуметтік серіктестермен «Кәсіпорын маманы – сарапшы» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Кездесудің негізгі сұрағы: «Болашақ маман жұмысқа келген бірінші күннен бастап нені білуі және нені істей алуы керек?» Сараптамалық сауалнама барысында жұмыс берушілерге мына мәселелер бойынша сұрақтар қойылды: Қандай дағды ең маңызды? Түлекте қандай дағды жетіспейді? Қандай технологияларды білуі қажет? Қандай бағдарламаларды меңгеруі керек? Қандай жабдықпен жұмыс істей алуы тиіс? Колледжде қандай дағдыны міндетті түрде оқыту қажет? Кәсіпорын мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас маманның өндірістік ортаға тез бейімделуі үшін қажетті кәсіби және практикалық дағдыларды атап өтті. Нәтижесінде жұмыс берушілердің сараптамалық қорытындысы қалыптастырылды.