ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Акциясының аясындағы 3-күн «Маманның нақты жұмыс орны» 2026 жылы 16 қыркүйек күні «Үржар колледжі» КММ-де «Ерасыл» ШҚ» кәсіпорынмен «Маманның нақты жұмыс орны» іс-шара барысында маманның күнделікті жұмысында қолданылатын жабдықтар, бағдарламалар, технологиялар, өндірістік операциялар, қауіпсіздік талаптары және құжаттар қарастырылды. Қатысушылар маманның: қандай жабдықтармен жұмыс істейтінін; қандай бағдарламалар мен цифрлық құралдарды қолданатынын; қандай технологияларды меңгеруі қажет екенін; қандай өндірістік жұмыстарды орындайтынын; қандай еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтайтынын; қандай өндірістік және техникалық құжаттарды толтыратынын зерделеді. Зерттеу нәтижесінде маманның нақты жұмыс орнында қажет болатын кәсіби, практикалық және цифрлық құзыреттері анықталды. Нәтижесінде «Маманның кәсіби құзыреттер картасы» әзірленді.