ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Кәсіптік бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған мектеп оқушыларына арналған жазғы лагерь өз жалғасын табуда. Лагерьдің екінші күнінде «Үржар колледжі» КММ - де «Аспаз» мамандығына арналған шеберлік сағаттары жоғары деңгейде өтті. Колледждің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша тәжірибелі оқу - өндірістік шеберлері балаларға түрлі шоколад өнімдерін дайындаудың қыр - сырын көрсетіп, аспаздық өнердің нәзік тұстарымен таныстырды. Қызықты әрі танымды шарада оқушылар өз қолдарымен дәмді туындылар жасап көріп, шығармашылықтарын шыңдады. Іс - шараға қатысқан балалар ерекше әсер алып, үлкен қызығушылықпен белсенділік танытты. Бұл шеберлік сағаты олардың болашақ мамандыққа деген ынтасын арттырып, кәсіптік бағыт - бағдар беретін жарқын сәттердің біріне айналды.