2024 жылдың 28 маусым күні "Үржар колледжі" КММ-ң түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Түлектер армандарына бір қадам жақындап, мақсаттарының бір белесін бағындырды. Колледж директоры Сабитов Сабырбек Тұңғышбайұлы жас түлектерді маңызды сәттерімен құттықтап, алған мамандықтарының нағыз иесі болатындарына сенімін білдірді. Сондай-ақ, ұл-қызына саналы тәрбие беріп, адамгершіліктің дәнін еккен белсенді студенттердің ата-аналарына Алғыс хат тапсырылды. Жас мамандардың кәсіптік еңбек жолына сәт сапар, шын жүректен қажымас қайрат, талмас талап тілейміз. Әрқашан жолдарыңыз ашық болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер құрметті түлектер!