ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ҮРЖАР КОЛЛЕДЖІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2023 жылы «Үржар колледжі» КММ  жас ұрпаққа сапалы  кәсіптік білім мен саналы тәрбие беру, мамандыққа баулу сапасын арттыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асырды.

1.«Үржар колледжі» КММ  студенттері «WorldSkills Abai-2023» I –Аймақтық  чемпионатында  «Наубайшы ісі», «Кондитер ісі», «Фермер шаруашылығы», «Ауылшаруашылығы машиналары мен тракторларын жөндеуші-слесарь» құзіреттіліктері бойынша жүлделі 2-3 орындарды иеленді.

2.Педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін және кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында  директордың 2 орынбасары және әдіскер, 3 оқу-өндіріс шебері, барлығы 6  инженер-педагогикалық қызметкерлер  «TALAP» коммерциялық емес акционерлік қоғамынан, 2  жалпы білім беру пәндері оқытушысы  «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік мектебінен,1  дене шынықтыру пәні оқытушысы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК білім көтеру курстарынан өтті.

3.Колледжді бітіруші түлектерге ТжКББ дипломдары QR-коды бар бланкілерде берілді және олар eqovmobile  цифрлық форматта қол жетімді.

4.Колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. «Дәнекерлеу ісі» мен «Ветеринария» мамандықтары үшін арнайы зертхана іске қосылды.

5.«Үржар колледжі» КММ студенттері облыс деңгейінде өткізіліп жатқан түрлі сайыстар мен байқауларға,спорттық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді.

6.Білім алушыларды жайлы және қауіпсіз ортамен қамтамасыз ету мақсатында колледж 100 %  қауіпсіз жүйелермен (бейнебақылау,дабыл түймесі, турникеттер) қамтамасыз етілген.

7.Колледжде білім алушылар күніне бір уақыт ыстық тамақпен қамтылған.

8.Колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы 100%-ды құрады.