ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Пәндік олимпиадалар колледж студенттерінің пәнге деген қызығушылығын тудырумен бірге, олардың білімін бағалаудың әділ жолы болып табылады.

 «Үржар колледжі» КММ-де қарашаның 13-17 аралығында оқу-әдістемелік жұмыс жоспары бойынша директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары Альфия Майқықызы  Құрақбаева мен әдіскер Жанар Кажимовна Турысбекованың  ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер мен   «Фермер шаруашылығы», «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Ветеринария» мамандықтары бойынша арнайы пәндерден білім сайысы – пәндік олимпиада өткізілді.Дәстүрлі түрде  өткізілетін олимпиадаға 90-ға  жуық  студент қатысты.

Олимпиада тапсырмалары студенттердің пәнді  жете меңгеруіне, тапқырлығы мен қабілеттерін арттыруға арналған. Пәндік олимпиада жеңімпаздары мен қатысушыларын директордың оқу-өндіріс  жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Д.Баймухаметова мен әдіскер,ф.ғ.к.Турысбекова Ж.К.   мақтау қағаздарымен марапаттап, құттықтады. Білім сайысында оқытушылардың  артқан сенім биігінен көріне білген студенттерге алғыс айтып, сәттілік тіледі.