ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Жас маманмен жұмыс – жас маманның кәсіби және тұлғалық дамуының қайнар көзі болғандықтан, білім беру үдерісіндегі маңызды жұмыстардың бірі. «Үржар колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жас мамандармен арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Жақында директордың оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары

А.М. Куракбаева мен әдіскер,ф.ғ.к. Ж.К.Турысбекова биылғы оқу жылында жұмысқа қабылданған жас ұстаздармен  теориялық  журналдарына нұсқау, сабақ жоспарын құру бойынша әдістемелік ұсынымдар  берді. Жас ұстаздар оқу-тәрбие үрдісі бойынша өздерінде туындаған сұрақтарға жауап алды.