ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Сессия – аралық бақылау. Яғни, студенттің бір семестр бойына алған білімдерін саралайтын емтихан, және де өз мақсатының маңыздылығы мен айқындылығын түсініп, оған қол жеткізуге бар күшімен тырысуға керектігін біледі.

«Үржар колледжі» КММ- сі 2021-2022 оқу жылының кезекті жазғы семестрды ойдағыдай ұйымдастырып, аяқтады. Студенттердің үлгерімін бақылауды ұйымдастыру үшін аралық ведомостері құрылды, курстан курсқа көшу туралы ведомосі, яғни студенттердің оқу жетістіктері деңгейінің орташа өлшемді бағасы тапсырылды. Жазғы семестрде  студенттеріміздің  оқу жетістіктері, оқу жетістіктерін бағалаудың балдық- рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланды.  

«Үржар колледжі» КММ студенттерінің ІІ жарты жылдық қорытындысы бойынша топтардың оқу үлгерімі 96 % көрсетті. Биылғы көрсеткіш былтырғы оқу жылымен салыстырғанда, 3 пайызға артып тұр. Біздің колледжіміз үшін бұл өте жақсы көрсеткіш және де студенттеріміз жылдан жылға тек жақсы білім көрсетіп, тек биіктен көрінетіне сенеміз.

Сонымен, колледжіміздің студенттері тағы бір жауапты кезеңнен өтіп, келесі оқу жылына жаңа күшпен, жаңа қызығушылықпен келеді деген ойдамыз.