ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ

Студенттердің ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, ағылшын тілін құрметтеуге үйрету, ағылшынша еркін сөйлеуге дағдылау, сөздік қорын молайту мақсатында, сәуір айының 18-20 күндері аралығында " Welcome to the world of English" атты ағылшын тілі пәнінен апталық өтті.

18.04. күні апталықтың ашылуы болды.

I курс студенттері апталықтың ашылу салтанатына белсене қатысты. Олар әдеби монтаж, мақал-мәтелдер, Ұлы Британияға қатысты сұрақтар дайындап, апталықты ашты.
19.04. күні пәндік тест алынды. Әр топтан екі студенттен қатысып, пән бойынша тест сұрақтарына жауап берді.
20.04 күні сабақтан тыс іс-шара өтті. Қатысушы студенттер Ұлы Британия қалаларының көркем жерлері туралы мәліметтер дайындап, қорғап шықты.
21.04. күні номер 97 топта " Junk food" тақырыбында ашық сабақ өтті.
22.04. күні апталықтың жабылуы кішігірім сайыспен аяқталды. Апталық аясында өткен пәндік тесттан 98 топ студенті - Бекболатов Дамир 1 орынды, 100 топ студенті Маратов Арсен 2 орынды, 97 топ студенті Берікқанова Іңкәр 3 орынды иеленіп, марапатталды. Сондай ақ, апталыққа белсене қатысқан студенттер де мадақтамалармен және кішігірім сыйлықтармен марапатталды.