«Үржар колледжі» КММ-де 28 ақпан мен 5 наурыз аралығында «Техникалық қызмет көрсету» пәнінен апталық өтті. Апталық барысында арнайы пән оқытушысы Ақшайх Архат Ғалымшайхұлы жоспарға сәйкес ІІІ курс №89 топ студенттеріне «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету түрлері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: автомобильге жинастыру, жуу, тазалау, күтім жасау, жөндеу жұмыстарын жүргізуді үйрету.
Студенттер өздері оқып жатқан мамандық бойынша, осы тақырыпты техникамен байланыстыра мысалдар келтіріп белсене қатысты.






