ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
2022 жылдың 21-28 ақпаны аралығында «Үржар колледжі» КММ-де әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарына байланысты «Ауылшаруашылығы машиналары және мал шаруашылығына арналған жабдықтар» мен «Агрономия негіздері» пәндерінің апталығы өтті.
Жоспарға сәйкес 22 ақпанда арнайы пән оқытушысы Ғ.Қ.Жумадилов «Фермер шаруашылығы» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге «Жаңадан шыққан ауылшаруашылығы машиналарымен таныстыру:шығу тарихы және техникалық мінездемесі» тақырыбында видеодәріс оқыды.Мультимедиялық презентация қолданылды. Интерактивті сұрақтар қойылды. Апталық аясында «Ауылшаруашылығы машиналарын тракторге агрегаттау тәртібі» тақырыбында тәжірибелік ашық сабақ (оқу-өндіріс шебері Самбаев Қ.Д.), «Таптағыштар» тақырыбында теориялық ашық сабақтар (пән оқытушысы-Жумадилов Ғ.Қ.) өтті.Апталық "Агрономия Елі" ойыны бойынша сыныптан тыс іс-шарамен жалғасты. Іс - шараның мақсаты оқу үрдісінде алған білімдерін бекіту, таңдалған мамандыққа қызығушылық тудыру, кәсіби дағдыларды дамыту. Сайысқа екі команда қатысты. Ойын 4 кезеңнен тұрды. Студенттер пән бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін көрсете білді,белсенділік танытты.
Арнайы пәндер апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың жеңімпаздары марапатталып, шағын сыйлықтар алды.