"Үржар колледжі" КММ арнайы пән оқытушысы А.Телгозин "Ветеринария" мамандығы бойынша білім алушы №99 топ студенттеріне "Аусыл ауруы" тақырыбында теориялық сабақ өткізді.
Мақсаты: Студенттерге өткен білімдерін жаңғырта отырып, вирустар туралы жалпы түсінікті қалыптастыру. Жаңа ақпарат бере отырып, аурудың алдын алу жолдарын түсіндіру.
Аусыл. Шапшаң таралатын, жүқпалы және ауыр ауру. Аусыл ауруымен мүйізді ірі қара, шошқа, қой мен ешкі ауырады. Адамдарда ол өте сирек кездеседі. Ауруды қоздырғыш — вирус.


