ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
"Үржар колледжі" КММ 02.02-12.02 аралығында"Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы" атты дәстүрлі онкүндіктің ашылу салтанаты.
Салтанатты жиынды өзін-өзі тану пәні оқытушысы М.О Аилбекова осы тақырып аясында өтетін іс-шаралармен таныстырды. Сүйіспеншілік пен Шығармашылық аясында студенттерге махаббат, бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімді адами қасиеті мен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын, рухани адамгершілік қағидаларын өз бақыты үшін дұрыс қолдана білу керектігін айтып өтті. Онкүндіктің көңілді әрі жарасымды аяқталуы үшін студенттер бір-бірлеріне көтеріңкі көңіл күй тіледі.