ШҚО білім басқармасының "Үржар колледжі" КММ
Құрметті студенттер! «Үржар колледжі» КММ-сі 2021-2022 оқу жылының кезекті қысқы семестрін аяқтады. І-жартыжылдық қорытындысы шығарылып, студенттер мен оқытушылар ІІ – жартыжылдықты бастап та кетті. Қысқы сессия - студенттердің білімдерін саралайтын, екінші кезеңге жолдама беретін кезең. «Үржар колледжі» КММ- нің студенттерінің І- жартыжылдық бойынша білім сапасы – 98% көрсетті. Болашақтың кілті, елдің ертеңі - білімді жастар. Мемлекеттің дамуы, өсіп-өркендеуі тікелей жастарға байланысты. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты таңдауы және қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең маңызды мәселе.
Құрметті студент: «Ешқашан, ешбір жағдайда да, жеткен жетістіктеріңмен тоқталып қалмаңдар, алға қарай ұмтылып, биік белестерді бағындыра беріңдер!»